Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

Бейтаныс туындының құнын алғаш көргеннен-ақ анықтау қиын екендігін кім біліпті. Әйтеуір, талғамға талас жоқтың керімен жүрсе де, біреудің дегеніне мойын бұрып, ақыл тоқтатудан қалған емес. Тарихты ақтарсақ, ешкімнің сүрлеуін қайталамайтындай-ақ соны бағытқа жол тартқан, болмаса қалыпты шеңбердің көлемін кеңейтуге ғана атсалысып отырған, тіптен болмай,  жүз жылдық қалыптасқан торға өзін бейсаналы түрде тықпалап отырған әркелкі шешімдерге куә.

Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды

Кинематографияда бұның санаға қонымды шекарасы әлі де айқындалмаған. Режиссердің жасаған әр қадамын жүз жылдық клишемен түсіндіріп беруге болады ма, болмаса өзі үшін де, өзінің саласы үшінде батыл шешім жасап отыр ма – анықтау қиын. Әсіресе, қазіргі кездегі кино тарихы мен географиясының кеңейіп, тақырыптарының күрделене бастауынан – ақтаңдақ тұстар азая түсті, онда бейімделу қиындап кетті.

Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды, ал сол уақытта жапон анимесі өзінің диснейлік-емес әлемін құрып үлгерген көрінеді.

Хаяо ақсақалдың бұл әлемді құрудағы қаламының қарқыны ешкімге ұқсамас пішінмен өрнектелген. Миядзакидің әрбір туындысы елестердің, жын-перілердің тілімен сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады, қалдырып қана қоймайды – ол әсерден біраз уақытқа дейін арылтпайды, бойды билеп алады. Хаяо Миядзакидің әлемінде әркімнің ішкі қорқыныштары, бейтаныс қараңғылыққа аяқ басардағы санадағы жылт ететін бір сәттің сезімдері ешбір өзгеріске ұшырамай қағаз бетіне бедерленгендей-ақ. Ол әлемнің есігін айқара ашып кірген адам, өзінің дөрекілігінен шошып, тіпті орнынан ыршып тұрып, безіп кетуіне сәл-ақ қалуы бек мүмкін. Яки, онда ізіңді салар болсаң, артқа қайтар жол болмайтындай елестейді.

Хаяо Миядзакидің әлемінде әркімнің ішкі қорқыныштары, бейтаныс қараңғылыққа аяқ басардағы санадағы жылт ететін бір сәттің сезімдері ешбір өзгеріске ұшырамай қағаз бетіне бедерленгендей-ақ.

Қазақы табиғилық пен даланың сарынымен еркін сөйлесетін ерекше дүниетанымға қисық, бүк келмесе де, Хаяо ақсақалдың анимелерін батыстық көрермен тыныш истерикалық көңілмен қарап, мәңгіге сол танымның шеңберінде айналсоқтап жүргендей болады.  Онысын «Елестер еліткен» фильмінің құрықтап аларлық қуатынан кейін 2001 жылы әркелкі престиждік сыйлықтарын таратып беру арқылы дәлелдеп-ақ берді. Шынында, бұл картинаны қарап отырып, адам қиялының шеңберін, шегін ойша бедерлеп отырасың. Әрбір қадамыңды жын мен перілердің талқысына жіберіп, өзінің ғана тірі қалу ережелері бар әлемді құрастырып шығу – есуастың ғана қолынан келетіндей көрінеді.

Continue reading

Posted in Кино | Tagged , , , , , | Leave a comment

Кітап оқудан жалықпау

Көп адамда бір күнде есепсіз әріптер саны ажыралмай жұтыла береді екен. Қызық мақалалар, жұмысқа қатысты кәсіби әдебиет, қажетсіз флуд, өзін дамытуға арналған мәтіндер. Бірақ, соларды оқудан ешкім “ләззат” алмайтын сияқты. Кітап оқуды мақсат еткен адамдар осы күйге жетпей тұрып, неше түрлі әдебиетті талғамай жұта берсе керек. Дегенмен, ол саналы әрі ойлы, “ләззат сыйлайтын” оқу еді. Ал қазір кітап оқуға уақыт табу үшін тәуліктегі жиырма төрт сағаттың өзі аздық ететіндей. Бірнеше артық сағат қосылса, барлық көздеген кітабын оқып тастайтындай елестетеді. Бұл оқу жылдамдығы мен сапасын арттыруға арналған мақала емес. Керісінше, оқудың сиқырлы магиясын жоғалтып алмауды көздейді.

Кітапхана, кітап

(c) фото

Бәрі бірнәрсеге тіреледі. Әркім кітап оқудан ләззат алуы тиіс. Кітап – өмірлік ұстаз және әркімнің өмірін өзгерте алады. Ешкім кітап оқудың гиганты емес, бірақ әрбір адам кітапты ұқыпты әрі бар ынтасымен оқуы тиіс. Көп адамдар кітапты көп оқығысы келетінін, бірақ қалай бастау керек екеніндігін білмейтінін айтады. Лео Бабута осының сырына үңіліп көрген екен.

Осыны оқыса, көмектесетін шығар.   Continue reading

Posted in Кітап | Tagged , , , | 6 Comments